Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 226 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 6150 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 245 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4807 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      2 тармағынын 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз ауданының бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";

      8 тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      9 тармағынын 7) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) көп балалы отбасыларға, 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;";

      9 тармағынын 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;";

      16 тармағының бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне, әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз аудандық бөлімінің не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, Ырғыз ауданы әкімі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
О. Нұрмағанбет
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады