Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9–1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 195 "2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-203 тіркелген, 2019 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер – "226 339" сандары "242 658" сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімі – "202 888" сандары "219 207" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – "226 884,5" сандары "243 203,4" сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы – "-545,5" сандары "-545,4" сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – "545,5" сандары "545,4" сандарымен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 33 298 мың теңге;";
және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге - 2 174 мың теңге.".
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Турымов |
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы | К. Қосаяқов |
Аудандық мәслихаттың | |
2019 жылғы 24 мамырдағы | |
№ 230 шешіміне | |
қосымша | |
Аудандық мәслихаттың | |
2019 жылғы 4 қаңтардағы | |
№ 195 шешіміне | |
1-қосымша |
2019 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті
Санаты | Сыныбы | Ішкі сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
І. Кірістер | 242 658 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 23 055 | |||
01 | Табыс салығы | 10 096 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 10 096 | |||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 12 959 | |||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 590 | |||
3 | Жер салығы | 701 | |||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 11 668 | |||
2 | Салықтық емес түсiмдер | 396 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 326 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 326 | |||
06 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 70 | |||
1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 70 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 219 207 | |||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 219 207 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 219 207 | |||
Функционалдық топ | Кіші функция | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдарлама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
ІІ Шығындар | 243 203,4 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 30 375 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 30 375 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала ,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 30 375 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 30 375 | |||
04 | Бiлiм беру | 137 564 | |||
1 | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту | 137 564 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала ,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 137 564 | |||
041 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру | 137 567 | |||
06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 1 335 | |||
2 | Әлеуметтiк көмек | 1 335 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала ,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 335 | |||
003 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету | 1 335 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 17 456,4 | |||
3 | Елді мекендерді көркейту | 17 456,4 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала ,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 17 456,4 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 5 800 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 765 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 10 891,4 | |||
12 | Көлiк және коммуникация | 50 080 | |||
1 | Автомобиль көлігі | 50 080 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала ,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 50 080 | |||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 80 | |||
045 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу | 50 000 | |||
13 | Басқалар | 6 393 | |||
9 | Басқалар | 6 393 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала ,ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 6 393 | |||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 6 393 | |||
ІІІ.Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | ||||
Бюджеттік кредиттер | 0 | ||||
ІV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо |
| ||||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | ||||
V. Бюджет тапшылығы | -545,4 | ||||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру | 545,4 | ||||
Санаты | Сыныбы | Ішкі сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
8 | Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары | 545,4 | |||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 545,4 | |||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 545,4 |