Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 380 "Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 72 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 6116 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 13.01.2020 № 5 қаулысымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесеата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 380 "Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3-6-184 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей толықтыру енгізілсін:

      қазақ тіліндегі жоғарыда көрсетілген қаулының 1 тармағында "жұмысқа орналастыру үшін ұйымның" сөздерінен кейін "жұмыскерлерінің" сөзімен толықтырылсын,орыс тіліндегі мәтiнi өзгермейді.

      2. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады