Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 09.11.2020 № 312 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. Шермаганбет |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
|
___________ Б. Жекеев | |
2019 жылғы "__" __________ |
Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 274 қаулысына қосымша |
Қобда ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | аймақ коэффициенті |
Қобда ауданы | ||
Қобда ауылдық округі | ||
1 | Қобда ауылы | 2,6 |
2 | Құрсай ауылы | 2,2 |
Ақрап ауылдық округі | ||
3 | Ақрап ауылы | 2,25 |
И.Білтабанов атындағы ауылдық округ | ||
4 | И.Білтабанов атындағы ауыл | 2,25 |
5 | Қосөткел ауылы | 2,1 |
6 | Байтақ ауылы | 1,85 |
Бестау ауылдық округі | ||
7 | Бестау ауылы | 2,35 |
Бұлақ ауылдық округі | ||
8 | Әлия ауылы | 2,55 |
9 | Бұлақ ауылы | 2,0 |
Бегалы ауылдық округі | ||
10 | Калиновка ауылы | 2,25 |
И.Құрманов атындағы ауылдық округ | ||
11 | Бегалы ауылы | 2,25 |
12 | Егіндібұлақ ауылы | 2,25 |
Жиренқопа ауылдық округі | ||
13 | Жиренқопа ауылы | 2,25 |
Жарық ауылдық округі | ||
14 | Жарық ауылы | 2,2 |
15 | Ортақ ауылы | 1,85 |
16 | Қанай ауылы | 1,85 |
17 | Жаманкөл ауылы | 1,85 |
Жарсай ауылдық округі | ||
18 | Жарсай ауылы | 2,2 |
19 | Қарағанды ауылы | 1,95 |
20 | Ақсай ауылы | 2,1 |
Қызылжар ауылдық округі | ||
21 | Қызылжар ауылы | 2,25 |
22 | Қаракемер ауылы | 2,1 |
Сарбұлақ ауылдық округі | ||
23 | Сарбұлақ ауылы | 2,25 |
Өтек ауылдық округі | ||
24 | Өтек ауылы | 2,25 |
25 | Жарсай ауылы | 1,85 |
Сөгәлі ауылдық округі | ||
26 | Көк үй ауылы | 2,2 |
27 | Қоғалы ауылы | 2,2 |
28 | Сөгәлі ауылы | 1,85 |
Терісаққан ауылдық округі | ||
29 | Терісаққан ауылы | 2,25 |
30 | Жаңаталап ауылы | 2,2 |
Талдысай ауылдық округі | ||
31 | Талдысай ауылы | 2,35 |