Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 272 "2019-2021 жылдарға арналған Ембі қаласының бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 299 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 6044 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 272 "2019-2021 жылдарға арналған Ембі қаласының бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-231 тіркелген, 2019 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 тармақта:

      1) тармақшасында:

      кірістер – "143 154,0" сандары "154 604,0" сандарына ауыстырылсын;

      оның ішінде:

      трансферттер түсімдері – "125 148,0" сандары "136 598,0" сандарына ауыстырылсын;

      2) тармақшасында:

      шығындар – "143 154,0" сандары "161 563,1" сандарына ауыстырылсын;

      5) тармақшасында:

      бюджет тапшылығы (профициті) - "0,0" сандары "-6 959,1" сандарына ауыстырылсын;

      6) тармақшасында:

      бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - "0,0" сандары "6 959,1" сандарына ауыстырылсын;

      көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Ең төменгі жалақының мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекеленген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 3 800,0 мың теңге.

      5-2. 2019 жылға арналған Ембі қаласының бюджетіне аудандық бюджеттен 7 650,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін.".

      2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы Д. Мұрзатаев
      Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы Р. Мусенова

  Мұғалжар аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 28 наурыздағы №299 шешіміне
  қосымша
  Мұғалжар аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 4 қаңтардағы №272 шешіміне
  1 қосымша

2019 жылға арналған Ембі қаласының бюджеті

санаты

сыныбы

кіші сыныбы

атауы

сомасы (мың теңге)




1. КІРІСТЕР

154 604,0

1



САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР

18 006,0


01


Табыс салығы

3 794,0



2

Жеке табыс салығы

3 794,0


04


Меншікке салынатын салықтар

14 212,0



1

Мүлікке салынатын салықтар

726,0



3

Жер салығы

360,0



4

Көлік құралдарына салынатын салық

13 126,0

4



Трансферттердің түсімдері

136 598,0


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

136 598,0



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

136 598,0

функционалдық топ

кіші функция

бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсі

бағдарлама

атауы

сомасы (мың теңге)





ІІ. ШЫҒЫНДАР

161 563,1

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

36 612,1


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

36 612,1



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

36 612,1




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

34 132,0




022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2 480,1

04




Бiлiм беру

106 350,0


1



Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

106 350,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

106 350,0




004

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

106 350,0

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

17 101,0


3



Елді-мекендерді көркейту

17 101,0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

17 101,0




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

8 107,0




009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

200,0




011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

8 794,0

12




Көлiк және коммуникация

1 500,0


1



Автомобиль көлiгi

1 500,0



124


Аудандықмаңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1 500,0




013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1 500,0





V. Бюджет тапшылығы (профициті)

-6 959,1





VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

6 959,1

8




Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

6 959,1


01



Бюджет қаражаты қалдықтары

6 959,1



1


Бюджет қаражатының бос қалдықтары

6 959,1




01

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

6 959,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады