Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 263 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 161 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 6126 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 263 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4027 тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйектегі аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұғалжар ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р. Ибрашевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Данағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұғалжар аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ____________ Ғ. Асқаров

      "23" сәуір 2019 жыл

  Мұғалжар ауданы әкiмдiгiнiң
  2014 жылғы 25 тамыздағы
  № 263 қаулысына қосымша
  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 02 мамырдағы № 161
  қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

р/с

Қалалар және ауылдық округтердің атауы

Қала немесе елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Қандыағаш қаласы

Қандыағаш қаласы

"Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұғалжар аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты алдындағы стенд, Жамбыл Жабаев көшесі, 56

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты алдындағы стенд, Құндызды тұйық көшесі, 2

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Жастық шағын ауданы, 44 А

2

Ембі қаласы

Ембі қаласы

"Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Ембі қалалық мәдени орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимаратындағы стенд, Бауыржан Момышұлы көшесі, 7

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ембі қалалық жанындағы интернатпен №7 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Әйтеке Би көшесі, 21

Жем қаласның Локомотив пайдалану депосы ғимаратындағы стенд, Есет-Батыр көшесі, 140

3

Жем қаласы

Жем қаласы

"Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жем қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты алдындағы стенд, Әйтеке би көшесі,5

4

Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі

Қаракөл ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Мектеп көшесі, 9
"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№7 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты алдындағы стенд, Бейбітшілік көшесі, 20

Жаңатұрмыс ауылы

Ауылдық клубы ғимаратындағы стенд, ағ.Жұбановтар көшесі, 7

5

Ащысай ауылдық округі

Ащысай ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Крупская атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Өтеген Қалыбаев көшесі, 25
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы стенд, Өтеген Қалыбаев көшесі, 15

Ақсу ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд,Науан Досмағамбетов көшесі, 41

Сабындыкөл ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сабындыкөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты алдындағы стенд, Тапақ Тілегенұлы Тлегенов көшесі,12

6

Егіндібұлақ ауылдық округі

Бұлақты ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бұлақты негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Төлеу Алдабергенов көшесі, 12

7

Мұғалжар ауылы

Мұғалжар ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Наурыз көшесі, 1А

8

Құмсай ауылдық округі

Құмсай ауылы

Ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенд, Нұралы Қаниев көшесі, 3

9

Жұрын ауылдық округі

Жұрын ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы стенд,Ахмет Жұбанов көшесі, 6

Көлденең темір ауылы

Фельдшерлік пункт ғимаратындағы стенд,Достық көшесі, 38

Көбелей ауылы

Фельдшерлік пункт ғимаратындағы стенд, Астана көшесі, 27

10

Еңбек ауылдық округі

Сағашилі ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Абай Құнанбаев көшесі, 1
"Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Дана" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимаратындағы стенд, Әлия Молдағұлова көшесі, 18

Басшилі ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Мұхамеджанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Орталық көшесі, 40

Тепсең-Қарабұлақ ауылы

спорт зал ғимаратындағы стенд, Тәуелсіздік көшесі, 46

Темір стансасы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Темір стансасындағы №59 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Наурыз көшесі, 25/1

11

Талдысай ауылдық округі

Талдысай ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы стенд, Әлия Молдағұлова көшесі, 26

Еңбек ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еңбек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Мәншүк Мәметова көшесі, 6

12

Батпақкөл ауылдық округі

Жағабұлақ ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Нұрахмет Қаржаубаев көшесі, 2А

Саға ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Саға жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Саға көшесі, 12

Қожасай ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қожасай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Тәуелсіздік көшесі, 1

13

Құмжарған ауылдық округі

Бірлік ауылы

Ауылдық клубы ғимаратындағы стенд, Достық көшесі, 1

Шенгелші ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаз ССР 30 жылдығы атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Құрманиязова Шакиза көшесі, 11

Құмжарған ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құмжарған негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Орталық көшесі, 5

14

Ақкемер ауылдық округі

Ақкемер ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Есет батыр Көкіұлы көшесі, 35

Көтібар ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көтібар батыр атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Достық көшесі, 21

Жарық ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жарық негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Ахмет Байтұрсынов көшесі, 3

Көктөбе ауылы

Ауылдық клубы ғимаратындағы стенд, Садовая көшесі, 2

Елек ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Елек негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Әли Жұмабаев көшесі, 16

15

Қайынды ауылдық округі

Қайынды ауылы

Аауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы стенд, Қайынды көшесі, 11

Алтынды ауылы

"Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтынды жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд, Мәншүк Мәметова көшесі, 15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады