Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4 тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бір артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі |
А. Шериязданов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 23 желтоқсаны | |
№ 490 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ |
| Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Актобе мунай маш комплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 2% | 1 |
2 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 120 | 3% | 4 |
3 | "Восток нефть и Сервисное обслуживание" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 73 | 2% | 1 |
4 | "Кентавр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2% | 1 |