Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 20.12.2020 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 2-12-4/208 ұсынысы негізінде, Ащысай ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Ақсу ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім міндетін атқарушы | А. Самрат |