Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Кодексінің 9–1 бабының, 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-7 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 308 "2019–2021 жылдарға арналған Кеңестуы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-237 тіркелген, 2019 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақшада:
кірістер – "62 521" сандары "63 991" сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері – "59 221" сандары "60 691" сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
шығындар – "62 521" сандары "64 204,1" сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
бюджет тапшылығы - "0" саны "-213,1" сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
бюджет тапшылығын қаржыландыру - "0" саны "213,1" сандарымен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"1 159" сандары "2 188" сандарымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
5-1. 2019 жылға арналған Кеңестуы ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттің түсімі ескерілсін:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 441 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттің аталған сомасын бөлу Кеңестуы ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.
2. Көрсетілген шешімдегі 1–қосымша осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Е. Балбосынов |
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Ізбасов |
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 342 шешіміне қосымша |
|
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 308 шешіміне 1 – қосымша |
2019 жылға арналған Кеңестуы ауылдық округ бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
I.Кірістер | 63991 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 3135 | ||
01 | Табыс салығы | 820 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 820 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 2315 | ||
1 | Мүлiк салығы | 92 | ||
3 | Жер салығы | 93 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 2130 | ||
2 | Салықтық емес түсімдер | 165 | ||
01 | Мемлекеттік мүліктен түскен кірістер | 150 | ||
5 | Мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалдаудан түскен кірістер | 150 | ||
06 | Басқада салықтық емес түсімдер | 15 | ||
1 | Басқада салықтық емес түсімдер | 15 | ||
4 | Транферттердің түсімдері | 60691 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 60691 | ||
3 | Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың ) бюджеттен трансферттер | 60691 |
Функкционалдық топ | Кіші функционалдық топ | ББ әкімшісі | Бағдарлама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
II. Шығындар | 64204,1 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 22221,1 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар | 22221,1 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент , ауылдық округ әкімінің аппараты | 22221,1 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала .ауыл. кент. ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 21476 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрдел і шығыстары | 745,1 | |||
04 | Білім беру | 26353 | |||
1 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 26353 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент , ауылдық округ әкімінің аппараты | 26353 | |||
004 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 26353 | |||
07 | Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық | 13612 | |||
3 | Елді - мекендерді көркейту | 13612 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент , ауылдық округ әкімінің аппараты | 13612 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2900 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 1512 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 9200 | |||
13 | Басқалар | 2018 | |||
9 | Басқалар | 2018 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент , ауылдық округ әкімінің аппараты | 2018 | |||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 2018 | |||
111.Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | ||||
Бюджеттік кредиттер | 0 | ||||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | ||
01 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | ||
1 | Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 |
Функционалдық топ | функционалдық кіші топ | ББ әкімшісі | Бағдарлама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо | 0 | ||||
V. Бюджет тапшылығы | -213,1 | ||||
VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру | 213,1 |
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 213,1 | ||
01 | Бюджет қаражат қалдықтары | 213,1 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 213,1 |