Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2) тармақшасында:
"Темір аудандық білім бөлімі" деген сөздер "Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасы алып тасталсын;
7) және 9) тармақшалар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"7) көп балалы отбасыларға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
9) аз қамтылған азаматтарға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;".
2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Е. Балбосынов |
Темір аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Ізбасов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Қ. Отаров
"_____" _______________ 2019 жыл