Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 тамызда № 6358 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 20.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 2-14-17/163 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Алтықарасу ауылдық округінде орналасқан "Сана" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Алтықарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі С. Төлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады