Шектеу іс-шараларын алу және Ақсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 8 қаңтарда № 3-10-236 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2018 жылғы 13 жетоқсандағы № 2 – 14 - 4/290 ұсынысы негізінде Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсай ауылдық округі, Ақсай ауылының К. Латыпов және Жаманағаш көшелері аумағында ұсақ малдарының арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. 2018 жылғы 17 мамырдағы № 4 "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10-195 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 06 маусымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсай ауылдық округінің әкімі Е. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады