Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 26.11.2020 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 2-14-4/99 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этоландық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орыналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі | Р. Рашев |