Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 107 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 маусымда № 6256 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 30.10.2020 № 166 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Ойыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Кенжебаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Сагиров

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 107 қаулысына қосымша

Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекен атауы

Көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындар

Саны

Ойыл ауылдық округі

1

Ойыл ауылы

Көкжар көшесі, № 72 үйдің сол жағы.

1

2

Ойыл ауылы

Б.Жолмырзаев көшесі, № 3 ғимаратының оң жағында орналасқан ғимарат.

1

Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі

1

Қаратал ауылы

Ш. Берсиев көшесі, № 39 ғимаратымен Ш. Берсиев көшесі № 41/1 үйдің ортасында орналасқан ғимарат.

1

2

Қаратал ауылы

Ө. Бақаев көшесі, № 13 ғимараттың алды.

1

Көптоғай ауылдық округі

1

Көптоғай ауылы

Қазақстан көшесі, № 16-а Саябақтың алды.

1

Сарбие ауылдық округі

1

Сарбие ауылы

Әйтеке би көшесі, № 23 ғимаратының алды.

1

Қараой ауылдық округі

1

Қараой ауылы

Тәуелсіздік көшесі, № 19 ғимаратымен Тәуелсіздік көшесі, № 21 үйінің ортасы.

1

Саралжын ауылдық округі

1

Саралжын ауылы

Ботагөз 2 көшесі, № 10/А ғимаратының алды.

1

Қайыңды ауылдық округі

1

Қайыңды ауылы

А. Иманов көшесі, № 5-а ғимаратының сол жағы.

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады