Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 166 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қарашада № 7579 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 19.05.2022 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 107 "Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6256 болып тіркелген, 2019 жылғы 02 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 166 қаулысына қосымша

Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекен атауы

Көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындар

Саны

Ойыл ауылдық округі

1

Ойыл ауылы

Көкжар көшесі № 72 үйдің сол жағы

1

2

Ойыл ауылы

Б.Жолмырзаев көшесі № 42А ғимаратының алды

1

3

Ойыл ауылы

Көкжар көшесі № 1 ғимаратының сол жағы

1

Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі

1

Қаратал ауылы

Тәуелсіздік көшесі № 5 үйдің сол жағы

1

Көптоғай ауылдық округі

1

Көптоғай ауылы

Қазақстан көшесі № 16 ғимаратының оң жағы

1

Сарбие ауылдық округі

1

Сарбие ауылы

Әйтеке би көшесі № 23 ғимаратының оң жақ алды

1

Қараой ауылдық округі

1

Қараой ауылы

Тәуелсіздік көшесі № 19 ғимаратымен № 21 үйдің арасы

1

Саралжын ауылдық округі

1

Саралжын ауылы

Ботагөз-2 көшесі № 10А ғимаратының алды

1

Қайыңды ауылдық округі

1

Ақжар ауылы

А. Иманов көшесі № 5А ғимаратының сол жағы

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады