Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 7 наурыздағы № 6 "Шектеу іс-шараларын алу және Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 мамырда № 6139 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 7 наурыздағы № 6 "Шектеу іс-шараларын алу және Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5988 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шектеу іс-шараларын алу және Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы".

      2. "Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығанақ Берсиев
атындағы ауылдық округінің әкімі
А.Ж. Избасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады