Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 27.01.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылдың 25 қаңтарындағы № 2-13/13 ұсынысы негізінде, Саралжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауыруының анықталуына байланысты, Саралжын ауылдық округінің "Тассай" қыстағында орналасқан "Сәттібек" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саралжын ауылдық округінің әкімі | А. Мубараков |