Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қарашадағы № 148 "Хромтау ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қазандағы № 373 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қазанда № 6417 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қарашадағы № 148 "Хромтау ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5714 тіркелген, 2017 жылғы 5 желтоқсанда "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларында:

      6 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелері" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрағасы Е. Избастин
      Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мулдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады