Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 "Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 85 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 сәуірде № 6061 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 "Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5513 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 маусымда аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы 9) тармақшасымен толықтырылсын және келесідей редакцияда жазылсын:

      "9) сегіз пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, Ө. Сейітов көшесі, № 14 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц=62 003 800 теңге/670,5 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 92 474 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=92 474/100/12+0=77 теңге айына бір шаршы метрге.".

      2. "Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Алибековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады