Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 06.05.2019 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 16-8/05 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жануарлар арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты, Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылының Е. Көтібарұлы көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
3) осы шешімді Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айшуақ ауылдық округінің әкімі | О.Ә. Әбшанов |