Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 18.11.2024 № 345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 09 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 5- тармағының 6-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
2. "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Байжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "4" ақпандағы № 48 қаулысына қосымша |
Алматы облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары
№ | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Газды тұтыну нормасы |
1 | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда тамақ әзірлеу | 1 адамға айына текше метр | 10,0 |
2 | Газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда су жылыту (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жоқ жағдайда) | 1 адамға айына текше метр | 24,50 |
3 | Газ плитасы болған жағдайда және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және су қыздырғыш болмаған жағдайда су жылыту | 1 адамға айына текше метр | 14,50 |
4 | Тұрғын жайларды жеке (пәтермен) жылыту | 1 адамға айына текше метр | 7,0 |
Алматы облысы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары
№ | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда тамақ әзірлеу | Тұтыну бірлігі | Газды тұтыну нормасы |
1 | Газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда су жылыту (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жоқ жағдайда) |
килограмм айына | 7,0 |
2 | Газ плитасы болған жағдайда және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және су қыздырғыш болмаған жағдайда су жылыту |
килограмм айына | 17,0 |
3 | Тұрғын жайларды жеке (пәтермен) жылыту | килограмм айына 1 адамға | 10,5 |
Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда тамақ әзірлеу | килограмм айына 1 адамға | 5,0 |