Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы "Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы" № 48 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 345 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 қарашада № 6185-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы "Алматы облысы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5052 болып тіркелген) № 48 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады