Алматы облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 76 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 14 наурызда № 5066 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 65, 274-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 наурыздағы № 20-ө "2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жоюды қамтамасыз ету көлемі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. И. Бескемпіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "25" ақпандағы № 76 қаулысына қосымша

Алматы облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемі

      Есептің бірінші жылы мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі Қамтамасыз ету мөлшері 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар үшін жұмыстарына жұмсалған жылдық ең төменгі шығын сомасының 10%-дық көлемінде төмендегі формуламен анықталады.

      О1=6940×АЕК×10%

      мұндағы:

      О1 - есепті қоса алғандағы бірінші жылдан үшінші жыл аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш, республикалық бюджет заңы бойынша қаржылық жылға сәйкес бекітілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады