Алматы облысы Талдықорған қаласының Тәуелсіздік көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 45-232 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 97 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 28 наурызда № 5071 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талдықорған қаласының "Тәуелсіздік" көшесі "Нұрсұлтан Назарбаев" даңғылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуалиевке жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихатының сессия төрағасы Қ. Сұлтанғазиев
      Алматы облысының әкімі А. Баталов
      Алматы облыстық мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады