Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 141 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 19 сәуірде № 5122 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 09.04.2020 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Карантиндік объектілердің түрлері бойынша жалпы көлемі 14660,1225 гектар жерге аудандар (қалалар) бөлінісінде карантиндік режимді енгізе отырып, қосымшаға сәйкес облыс аумағында карантинді аймақ белгіленсін.

      2. Алматы облысы әкімдігінің "Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" 2018 жылғы 7 маусымдағы № 270 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4752 тіркелген, 2018 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 
  Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "17" сәуірдегі "Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" № 141 қаулысына қосымша

Алматы облысының аумағында карантиндік объектілердің түрлері бойынша белгіленген карантиндік аймақ көлемі

Аудандар, қалалар

Барлық залалданған жер көлемі, гектар

Оның ішінде карантинді объектілердің
түрлеріне шаққанда

Калифорниялық қалқаншалы сымыр

Шығыс жеміс жемірі

Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі

Қауын шыбыны

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты

1

Ақсу

747,5






2

Алакөл

83






3

Балқаш

4061






4

Еңбекшіқазақ

967,275

313

29




5

Ескелді

247,95


20




6

Жамбыл

371






7

Іле

134,3

10

5


0,2


8

Қарасай

291,8

10

15




9

Қаратал

174,51






10

Кербұлақ

3433






11

Көксу

314,0045

35

15

5



12

Панфилов

326,42

72,5

150




13

Райымбек

62





28

14

Сарқан

1592,746


6




15

Талғар

497,317

130





16

Ұйғыр

685






17

Қапшағай

588






18

Талдықорған

68,1


3,5

20



19

Текелі

15,2






Барлығы

14660,1225

570,5

243,5

25

0,2

28

      кестенің жалғасы


Жеміс ағаштарының бактериалық күйігі

Жусан жапрақты ойраншөп

Жатаған (қызғылт) кекіре

Арам сояулар

0,5


739

8



65

18



3561

500

540,775

10

66,5

8

44,95


176

7



368

3



111

8,1

35,8

10

212

9

0,51


171

3



3421

12

0,0045


227

32

7,92


56

40



12

22

13,746


1372

201

226,717

18,1

120

2,5



425

260


80

387

121

19,1


8

17,5

15,2




905,2225

118,1

11497,5

1272,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады