Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 17.04.2019 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Карантиндік объектілердің түрлері бойынша жалпы көлемі 37369,2075 гектар жерге аудандар (қалалар) бөлінісінде карантиндік режимді енгізе отырып, қосымшаға сәйкес облыс аумағында карантинді аймақ белгіленсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің "Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" 2017 жылғы 24 наурыздағы № 125 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4198 тіркелген, 2017 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы | Л. Тұрлашов |
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы "07" "маусым" "Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" № 270 қаулысына қосымша |
Алматы облысының аумағында карантиндік объектілердің түрлері бойынша белгіленген карантиндік аймақ көлемі
№ | Аудандар, қалалар | Барлық залалданған жер көлемі, гектар |
Оның ішінде карантинді | |||
Калифорниялық қалқаншалы сымыр | Шығыс жеміс жемірі | Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі | Картоптың алтын түстес жұмырқұрты | |||
1 | Алакөл | 187,5 | ||||
2 | Ақсу | 4944 | ||||
3 | Балқаш | 8064 | ||||
4 | Еңбекшіқазақ | 1562,605 | 335 | 237 | 68,5 | |
5 | Ескелді | 416,951 | ||||
6 | Жамбыл | 2130 | ||||
7 | Іле | 233,4 | 17 | 10 | ||
8 | Қарасай | 871,8 | 15 | 15 | ||
9 | Қаратал | 3742,51 | ||||
10 | Кербұлақ | 5320 | ||||
11 | Көксу | 689,0135 | 30 | |||
12 | Панфилов | 1492,92 | 209,5 | 126,5 | ||
13 | Райымбек | 151 | 10 | 28 | ||
14 | Сарқан | 921,151 | 53,5 | |||
15 | Талғар | 988,687 | 140 | 20 | ||
16 | Ұйғыр | 3852 | ||||
17 | Текелі қаласы | 12 | 5 | |||
18 | Талдықорған қаласы | 147,67 | ||||
19 | Қапшағай қаласы | 1642 | ||||
Барлығы | 37369,2075 | 746,5 | 408,5 | 137 | 28 |
кестенің жалғасы
Жеміс ағаштарының бактериалық күйігі | Жусан жапрақты ойраншөп | Жатаған (қызғылт) кекіре | Арам сояулар |
0,5 | 130 | 57 | |
| 4807 | 137 | |
| 7623 | 441 | |
578,105 | 29 | 164 | 151 |
44,951 | 320 | 52 | |
| 2000 | 130 | |
| 200 | 6,4 | |
35,8 | 175 | 458 | 173 |
0,51 | 3470 | 272 | |
| 5111 | 209 | |
0,0135 | 517 | 142 | |
7,92 | 869 | 280 | |
| 87 | 26 | |
9,651 | 713 | 145 | |
180,687 | 83 | 565 | |
| 3680 | 172 | |
7 | |||
27,67 | 10 | 110 | |
| 75 | 1132 | 435 |
892,8075 | 362 | 31 856 | 2938,4 |