Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының жекелеген тармақшаларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 186 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 16 мамырда № 5135 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Алматы облысы әкімдігінің "Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3344 тіркелген, 2015 жылдың 27 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасы;

      2) Алматы облысы әкімдігінің "Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 4 қазандағы № 458 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4865 тіркелген, 2018 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Әбдуәлиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады