Алматы облысы Қарасай ауданының кейбір елдi мекендерін "ауыл" категориясына жатқызу және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 52-268 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 392 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 17 қыркүйекте № 5234 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарасай ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылдық округі Шамалған бекеті "ауыл" категориясына жатқызылсын.

      2. Жаңашамалған ауылдық округі – Жібек жолы ауылдық округі, Шамалған бекеті – Жібек жолы ауылы болып қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуалиевке жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы,
      Алматы облыстық мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов
      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады