Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 487 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 7 қарашада № 5295 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 19.07.2023 № 228 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының 2-тармағына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы осы қағидалар қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___" _______ № _____ қаулысына қосымша

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 7 – бабы 2 – тармағының 17-10) тармақшасына, Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгі қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Алматы облысының аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

      2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;

      3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану - тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;

      4) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту - азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

      6) мамандандырылған ұйымдар - тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын ұйымдар;

      7) сатып алу интервенциялары – Алматы облысының аумағында бағалар төмендеген кезде мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;

      8) тауар интервенциялары - бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

      1) Алматы облысы әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

      2) Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      3) Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      4) Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) облыстың жергілікті атқарушы органының уәкілетті органы болып табылады.

      5. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:

      1) Алматы облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін немесе тетіктерінің бірін сату туралы шешім қабылдау;

      2) өңірлік тұрақтандыру қорын құру мен пайдалану тетігін іске асыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарлар тізбесі мен олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;

      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;

      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымдардың ұсыныстарын қарау.

      6. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды жұмыс органы қамтамасыз етеді.

      7. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру және тұрақтандыру қорын қалыптастыру тетіктерін іске асыру үшін жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

      8. Егер комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын сату сатып алынатын бағадан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда ақшалай мәндегі ауыспалы активтер сатып алу және өткізу бағасының айырмасы шегеріле отырып беріледі.

      9. Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатын жергілікті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

      10. Егер комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын сату сатып алынатын бағадан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманы қайтару сатып алу және өткізу бағасының айырмасы шегеріле отырып жүзеге асырылады.

      11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      12. Алматы облысының әкімдігі ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі

      13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:

      1) тұрақтандыру қорларының қызметі;

      2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.

      14. Үлгілік қағидаларда регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағиадаларымен айқындалады.

      15. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша үстеме шығындары азық-түлік тауарларына белгіленген және нарықтық баға арасындағы айырма есебінен, сондай-ақ уақытша бос қаражатты екінші деңгейдегі банктер депозиттеріне орналастырудан түскен кіріс есебінен өтеледі.

3. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі

      16. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі Алматы облысының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

      17. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.

      18. Комиссияның сатып алу және тауарлық түгендемелерді жүргізу туралы ұсыныстары хаттама түрінде жасалады және оған Комиссия мүшелері отырыс өткізген күні қол қояды және үш күннен кешіктірмей Алматы облысының әкіміне шешім қабылдау үшін енгізеді.

      19. Комиссияның тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы хаттамасында сатып алынуы тиіс азық-түлік тауарларының тізімі, олардың көлемі және олар бойынша белгіленген бағалары көрсетіледі.

      20. Комиссияның тауарлық түгендемелерді жүргізу туралы хаттамасында өткізілуі тиіс азық-түлік тауарларының тізімі, олардың көлемі және бөлшек және көтерме саудамен өткізу үшін олар бойынша белгіленген бағалары көрсетіледі.

      21. Тауарлық түгендеме жүргізу үшін азық-түлік тауарларына белгіленген баға мамандандырылған ұйым ұсынысы ескеріле отырып, нарықтық бағадан төмен емес көлемден белгіленеді.

      22. Мамандандырылған ұйым жүзеге асыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 10% немесе одан төмен бағаларды ұстауды есепке ала отырып қалыптастырылады.

      23. Сатып алу және тауарлық түгендемелерді өткізу туралы шешімді Алматы облысының әкімі бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.

      24. Мамандандырылған ұйым сатып алу және тауарлық түгендемеге Алматы облысы әкімінің қабылданған шешімі туралы жазбаша хабарлама алған күні кіріседі.

      25. Өңірлік тұрақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы "Әлеуметтік маңызды азық-түлік таураларының тізімін бекіту туралы" №145 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізіміндегі азық-түлік тауарлары бойынша қалыптастырылады.

      26. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей тауар өндірушілерден сатып алынады.

      27. Жоспарланған азық-түлік тауарларының көлемін азық-түлік тауарларының өндірісімен байланысты шығындарды алдын ала қаржыландыру арқылы, кепілдендірілген түрде сатып алу мақсатында, комиссияның шешімі бойынша мамандандырылған азық-түлік тауарларын тауар өндірушілерден сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасауға жол беріледі.

      28. Өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарлары "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес, тағам өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.

      29. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.

      30. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

      31. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.

      32. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңалау азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу арқылы жүргізіледі.

      33. Тауарлық түгендеме, азық-түлік тауарларын жаңалау үшін өңірлік тұрақтандыру қорындағы азық-түлік тауарларын мамандандырылған ұйым дербес өткізу орындары, бөлшек-сауда объектілері, сауда базарлары, жәрмеңкелер, сондай-ақ әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін өндіру үшін өңдеу кәсіпорындарына шекті сауда үстемесімен өткізеді.

      34. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Алматы облысының әкімі бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.

      35. Жергілікті атқарушы орган мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.

4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі

      36. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Алматы облысының жергілікті атқарушы органы мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасау жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарымен жүзеге асырылады.

      37. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бекітілген төмендетілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.

      38. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін жүзеге асыру ережесінде белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықталады.

      39. Келесі шарттардың біреуіне сәйкес келетін, қарыз алушы ретінде кәсіпкерлік субъектілері әрекет етеді:

       тізбесі Үкіметтің қаулысымен бекітілген және меншігінде не жалға алу құқығында сауда объектісі (объектілері) бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының толық жиынтығының бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

      облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыратын.

      40. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін анықтағаннан кейін, мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.

      41. Кәсіпкерлік субъектісі міндетті түрде мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.

      42. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.

      43. Қаржыландыру көзі жергілікті атқарушы органдар бөлетін ақшалай қаражат болып табылады.

      44. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

      45. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.

      46. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін анықтағаннан кейін, мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісімен қарыз шартын жасайды.

      47. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады