Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 04.01.2024 № 12-21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласы әкімінің "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4946 тіркелген, 2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 14-тармағының екінші абзацындағы "№ 28 д" нөмірі алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының 33-тармағында "№ 7552" нөмірі "№ 3660" нөмірімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының 2-тармағының екінші абзацы "№ 41/1" деген нөмірімен толықтырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының 6-тармағының екінші абзацы "Гоголь көшесі № 1-ден № 6-ға дейін" сөздерімен толықтырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының 12-тармағының екінші абзацы "Қапшағай Энергетик-1"; "Заря Восток" сөздерімен толықтырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасының 25-тармағының екінші абзацы "Московская көшесі №1, № 2, № 3"; "Гвардейская көшесі № 1, № 2" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Қожахметовке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қаласының әкімі | Т. Қайнарбеков |