"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Балтабай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балтабай ауылдық округінің Ақбастау ауылындағы "Центральная" көшесі "Береке" көшесіне, "Восточная" көшесі "Шығыс" көшесіне, "Набережная" көшесі "Парасат" көшесіне, "Лесная" көшесі "Орманды" көшесіне;
-Ақтоғай ауылындағы "Лесная" көшесі "Арна" көшесіне, "Цветочная" көшесі "Шаттық" көшесіне, "Новая" көшесі "Ақжар" көшесіне, "Сосновая" көшесі "Көкжиек" көшесіне;
-Балтабай ауылындағы "3 - Новостроевская" көшесі "Нұрсая" көшесіне;
- Бірлік ауылындағы "Мелиораторная" көшесі "Игілік" көшесіне, "1-Мелиораторная" көшесі "Болашақ" көшесіне, "Космонавтов" көшесі "Ғарышкер" көшесіне;
- Күш ауылындағы "Ленин" көшесі "Алмалы" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балтабай ауылдық округінің әкімі | Ж. Мықыбаев |