Балтабай ауылдық округінің Ақбастау, Бірлік және Күш ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 55 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 11 желтоқсанда № 5322 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Балтабай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылдың 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балтабай ауылдық округінің Ақбастау ауылындағы "Новая" көшесі "Қайнар" көшесіне;

      - Бірлік ауылындағы "К. Маркс" көшесі "Жетісу" көшесіне;

      - Күш ауылындағы "60 лет Октября" көшесі "Бәйтерек" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балтабай ауылдық округінің әкімі Ж. Мықыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады