Шелек ауылдық округінің Шелек, Май ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 58 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 25 маусымда № 5191 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шелек ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Шелек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шелек ауылындағы "Арычная" көшесі "Асы" көшесіне, "Вишневая" көшесі "Шиелі" көшесіне, "Восточный тұйық" көшесі "Шығыс тұйық" көшесіне, "Гаражная" көшесі "Бабатоған" көшесіне, "Гидростроительная" көшесі "Ақбұлақ" көшесіне, "Дачная" көшесі "Қайыңды" көшесіне, "Дружба" көшесі "Ақжар" көшесіне, "Илийская" көшесі "Іле" көшесіне, "Интернациональная" көшесі "Береке" көшесіне, "Казачья" көшесі "Жиделі" көшесіне, "Кирпичная" көшесі "Қарасу" көшесіне, "Ключевая" көшесі "Қайнар" көшесіне, "Коммунальная" көшесі "Арасан" көшесіне, "Космонавтов" көшесі "Ғарышкер" көшесіне, "Лесная" көшесі "Сұңқар" көшесіне, "Медицинская" көшесі "Ұлан" көшесіне, "Мелиоративная" көшесі "Талдыбұлақ" көшесіне, "Мира" көшесі "Шаттық" көшесіне, "Новосельская" көшесі "Жаңатұрмыс" көшесіне, "Озерная" көшесі "Көлді" көшесіне, "Парниковая" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Речная тұйық" көшесі "Ақтоған тұйық" көшесіне, "Садовая" көшесі "Алмалы" көшесіне, "Советская" көшесі "Көкпекті" көшесіне, "Солнечная" көшесі "Күншуақ" көшесіне, "Стадионная" көшесі "Сарыарқа" көшесіне, "Строительная" көшесі "Бәйтерек" көшесіне, "Тихий тұйық" көшесі "Шымбұлақ тұйық" көшесіне, "Целинная" көшесі "Кеңдала" көшесіне, "Элеваторная" көшесі "Масақты" көшесіне, "Юбилейный тұйық" көшесі "Жеңіс тұйық" көшесіне, "Южный тұйық" көшесі "Оңтүстік тұйық" көшесіне, "8 Марта" көшесі "Ынтымақ" көшесіне;

      Май ауылындағы "Парковая" көшесі "Жерұйық" көшесіне, "Табачная-1" көшесі "Сарыбұлақ" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Бартоғай" көшесіне, "Лесная" көшесі "Теректі" көшесіне, "Строительная" көшесі "Сарытау" көшесіне, "Студенческая" көшесі "Ақсу" көшесіне, "Медицинская" көшесі "Шілікті" көшесіне, "Майская" көшесі "Ақдала" көшесіне, "Центральная" көшесі "Шалқар" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шелек ауылдық округінің әкімі м.а. М. Бектасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады