Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қарасай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 тамыздағы № 45-5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 28 тамызда № 5224 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының "Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы А. Көшкімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады