Шанханай ауылдық округінің Майтөбе ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 12 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 18 қарашада № 5301 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шанханай ауылдық округінің Майтөбе ауылының халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде: Шанханай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шанханай ауылдық округінің Майтөбе ауылындағы "Гвардия" көшесі "Атамекен" көшесіне, "Интернатская" көшесі "Шапағат" көшесіне, "Заречная" көшесі "Қайнар" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Болашақ" көшесіне, "Центральная" көшесі "Әл-Фараби" көшесіне, "Школьная" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне, "Пионерская" көшесі "Жас Ұлан" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Қ. Толыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады