"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің орынбасары Халелов Дәулет Кенжеханұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Әділ |
Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көксу ауданының полиция бөлімінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Көксу ауданы әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлерi, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерi, көтермелеушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi ескеріле отыра, әдетте 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын комиссиямен белгiленеді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Көксу ауданының полиция бөлімінің бастығының бұйрығы шығарылады.