"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаркент қаласының келесі көшелері:
1) "Строительная" көшесі "Сабыр Рахимов" көшесіне;
2) "Слабодка" көшесі "Темірқазық" көшесіне;
3) "Кузнечный тупик" көшесі "Ынтымақ" көшесіне;
4) "№ 2" көшесі "Қожбанбет би" көшесіне;
5) "№ 8" көшесі "Аралбай батыр" көшесіне;
6) "№ 15" көшесі "Елтінді батыр" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі мен Панфилов аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік саясат, жастар ісі, спорт жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі және Панфилов ауданының әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р. Тулақбаев |
Панфилов ауданының | |
әкімі | Т. Бектасов |
Панфилов аудандық мәслихат | |
хатшысының өкілеттілігін | |
уақытша атқарушы | М. Тұрлыбеков |