Ұйғыр ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 6-56-321 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 4 қазанда № 5277 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр ауданы бойынша қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н. Дауренбеков
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Н. Есжан

  Ұйғыр аудандық мәслихатының 2019 жылғы "___" ___________ "Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № _________ шешіміне қосымша

Қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Р/

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

2.

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

6

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

8

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады