"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/423-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 маусымда № 49 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 15.12.2020 № 72/675-6с шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне (бұдан әрі – шешім) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру туралы";

      шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру тізбесі бекітілсін.";

      шешіммен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шымкент қаласының мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жіберуді;

      4) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Б.Салимов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Ғ. Ташқараев

  Шымкент қаласының
мәслихатының 2019 жылғы
27 маусымдағы № 51/423-6с
шешіміне қосымша
  Шымкент қаласының
мәслихатының 2018 жылғы
14 желтоқсандағы № 42/338-6с
шешімімен бекітілген

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру тізбесі

Р/с

Атауы

Нозология

Азаматтар санаты

1

2

3

4

1. Қосымша дәрілік заттар

1

Ацетилцистеин,
таблеткалар 600 мг

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

2

Пентоксифиллин,
ұзақ әсерлі таблеткалар 400 мг

3

Будесонид,
ампуладағы ингаляцияға арналған суспензия 0,5мг/мл 2 мл

4

Бозентан,
таблетка 125 мг

Өкпе гипертензиясы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

5

Силденафил,
таблетка 50 мг

6

Октреотид,
инъекцияға арналған ерітінді 0,1мг/мл

Гиперинсулинизм

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

7

Ботулиндік токсин кешені А-гемаглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500ЕД

Сегменттік кранеалды дистонияблефароспазмы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

8

Руксолитиниб,
таблетка 15 мг

Идиопатиялық
миолофиброз

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

9

Урсодезоксихол қышқылы, 250 мг/5 мл

Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейінгі жағдай

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

10

Экулизумаб,
инфузияға арналған ерітіндіге арналған концентрат 10мг/30 мл

Паросизмальді түнгі гемоноглобинурия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

11

Тобрамицин,
ампула 300 мг

Муковисцидоз

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

12

Урсодезоксихол қышқылы, капсула 250 мг

13

Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған 200 мг ерігіш таблеткасы

14

Колистиметат, ингаляцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 80 мг 1000000ЕД

15

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,8 мл

Ювенильді
идеопатиялық артрит

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

16

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 200 мг /10 мл, 10 мл

17

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 80 мг/4 мл, 4 мл

18

Агалзидаза бета 35 мгинфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентратты дайындауға арналған лиофилизат

Фабри ауруы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

19

Риоцигуат, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 2,0 мг

Созылмалы тромбоэмболиялық гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

20

Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді 10 мкг/мл 2мл

Бастапқы өкпе гипертензиясы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

21

Пенициламин, таблетка 0,25 мг

Жүйелік склеродермия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

22

Алпростадил лиофилизат/ инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мкг

23

Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді 50 мг / мл, 12,5 мг/0,25 мл еккіш-қаламда

Ювенильді склеродермия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

24

Ведолизумаб, 300 мг инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған ұнтақ

Крон ауруы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

25

Устекинумаб, 130 мг инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

26

Устекинумаб, 90 мг концентрат инфузия дайындауға арналған ерітінді

27

Устекинумаб, 90 мг концентрат инфузия дайындауға арналған ерітінді

Вульгарлы псориаз

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

28

Пирфенидон, 267 мг капсулалар

Идиопатиялық өкпе фиброзы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

29

Эверолимус, 0,25 мг таблетка

Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейінгі жағдай

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

30

Ибрутиниб, 140 мг капсула

Мантия аймағындағы жасушаларының лимфомасы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

31

Стирипентол, 500 мг таблетка

Драве Синдромы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

32

Инфликсимаб, 100 мг лиофилизирленген ұнтақ көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат

Псориатикалық артрит

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

33

Осемиртиниб, 80 мг таблетка

Мидағы метастаздармен өкпе аденокарциномасы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар

2. Қосымша бейімделген емдік өнімдер

1

Нутриэн стандарт-диеталық емдік тамақтануға арналған теңдестірілген толық қоспасы

Муковисцидоз

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

2

Диеталық емдік тамақтануға арналған тұтас ақуыз негізіндегі қоспа

Крон ауруы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

3

Диеталық емдік тамақтануға арналған сүт сарысуының гидролизденген ақуыз негізіндегі қоспа

Муковисцидоз

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады