Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 698 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қыркүйекте № 61 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 31.12.2020 № 842 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 6-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі Е. Айтаханов

  Шымкент қаласы
әкімдігінің 2019 жылғы
"16" қыркүйектегі
№ 698 қаулысына
қосымша

Шымкент қаласы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағалары


дақыл түрлері

күздік бидай

арпа

мақсары

күнбағыс

бірінші репродукция тұқымдарының нормасы, кг/га

бірінші репродукция тұқымдарының шекті бағасы, тг/тн

бірінші репродукция тұқымдарының нормасы, кг/га

бірінші репродукция тұқымдарының шекті бағасы, тг/тн

бірінші репродукция тұқымдарының нормасы, кг/га

бірінші репродукция тұқымдарының шекті бағасы, тг/тн

бірінші репродукция тұқымдарының нормасы, кг/га

бірінші репродукция тұқымдарының шекті бағасы, тг/ тн

1

Шымкент қаласы

14,179

84 333

7,592

86 666

0,957

99 333

1,051

233 333

      кестенің жалғасы

дақыл түрлері

көп жылдық бұршақты шөптер

картоп

Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың шекті бағасы, тг/тн

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сатып алудың шекті бағасы, теңге/дана

бірінші репродукция тұқымдарының нормасы, кг/га

бірінші репродукция тұқымдарының шекті бағасы, тг/тн

бірінші репродукция тұқымдарының нормасы, кг/га

бірінші репродукция тұқымдарының шекті бағасы, тг/тн

жүгері

күнбағыс

жүзім

жеміс (алма, өрік, шие)

1

19,500

1 246 666

860,619

150 000

793 333

416 667

163

630

      *Ескертпе:га-гектар

      кг- килограмм

      тн-тонна

      тг-теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады