"Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 38 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 наурызда № 4141 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2907 болып тіркелген, 2016 жылдың 23 қаңтарында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілгін қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "12" наурыздағы
№ 38 қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 326 қаулысына 1 қосымша

Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Су айдындарының атауы

1.

Байзақ ауданы

1. Кеңес-2
2. Қарақайнар
3. Дауытбай
4. Көшеней
5. Темірбек
6. Жиеналы
7. Юбилейное
8. Воинское
9. Сарыбалдақ
10. Шәлке
11. Шапаваловское
12. Каскад Темірбек
13. Багара-2
14. Қарабақыр
15. Көктал
16. Болатбек
17. Сары өзен
18. Жеңіс көл
19. Базарбай
20. Багара-1
21. Каскад Түймекент
22. Сасық көл

2.

Жамбыл ауданы

1. Бөгеткөл
2. Таскөл (Каменное)
3. Сеңгірбай-1
4. Сеңгірбай-2 (Үмбет)
5. Сеңгірбай-3 (Аюбай)
6. Сұлукөл
7. Каскад Көктем
8. Көлқайнар
9. Каскад 5-Ферма
10. Кіші Ақкөл
11. Каскад Шоқай
12. Каскад Рахат
13. Бөкен
14. Шайдана
15. Жаманкөл
16. Нұрлы
17. Жасөркен-1
18. Бекнұр
19. Пруд 6
20. Мәуке
21. Хапаев
22. Сапарқұл

3.

Жуалы ауданы

1. Билікөл
2. Теріс-Ашыбұлақ
3. Дарбаза
4. Каскад Шақпақ
5. Төрт ауыл
6. Каскад Ақтөбе
7. Ботақара
8. Қоралас
9. Ұзынбұлақ
10. Каскад Бағдат
11. Кәріқорған-1
12. Каскад Кәріқорған-2
13. Корейское
14. Дихан
15. Қоңыртөбе-1
16. Қоңыртөбе-2
17. Мамырбай-Бұлақ
18. Каскад Төрткөл
19. Ақбастау

4.

Т. Рысқұлов ауданы

1. Шілік
2. Новое
3. Белогорка
4. Пруд Разъезд-98
5. Құндыз
6. Қызылшаруа
7. Каскад 4-бөлімше
8. Юбилейное
9. Ленинский-Комсомольский
10. Көкшырат
11. Сұмқайтты

5.

Меркі ауданы

1. Аспара
2. Ақермен-1
3. Ақермен-2
4. Қаратума
5. Қарағау
6. Ленин-Жолы
7. Қызыл қыстақ
8. Төменгі Мақанды
9. Чистые пруды
10. Кеңес
11. Хамзайка

6.

Мойынқұм ауданы

1. Қаракөл
2. Кіші-қамқалы
3. Қашқантеңіз

7.

Талас ауданы

1. Ақкөл
2. Жартас
3. Мыңшұқыр
4. Старицакөл
5. Пионер
6. Тамды
7. Бөлек Қызыл
8. Кірпішті

8.

Сарысу ауданы

1. Үлкен қамқалы
2. Ынталы
3. Бүркітті
4. Каскад Жылқыбай 
5. Қызылдихан
6. Каскад Қайқы

9.

Шу ауданы

1. Тасөткел
2. Ақсу
3. Сарғау
4. Алтай
5. Хазар

10.

Кордай ауданы

1. Аңырақай
2. Каскад Шөміш
3. Майбұлақ
4. Ешкілі Қордай
5. Қарақоныз
6. Қақпатас
7. Қарасу
8. Кенен
9. Қарасу көлі
10. Каскад Қайнар
11. Болашақ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады