РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Момышевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы "10" сәуірдегі № 82 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жекешелендіру туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 321 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1673 болып тіркелген, 2008 жылдың 21 ақпанында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
2. "Жекешелендіру туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы № 171 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1707 болып тіркелген, 2008 жылдың 19 шілдесінде "Ақ жол" газетінде жарияланған).
3. "Жекешелендіру туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 27 қарашадағы № 371 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1717 болып тіркелген, 2008 жылдың 6 қаңтарында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
4. "Коммуналдық меншіктегі объектілерді жекешелендіру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1749 болып тіркелген, 2010 жылдың 27 шілдесінде "Ақ жол" газетінде жарияланған).
5. "Коммуналдық меншіктегі объектілерді жекешелендіру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 277 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1794 болып тіркелген, 2011 жылдың 13 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған).