"Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 328 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 164 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 тамызда № 4313 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 328 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2060 болып тіркелген, 2013 жылдың 14 желтоқсанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "7" тамыздағы
№ 164 қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 328 қаулысымен бекітілген

Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

      1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 тенгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

      2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын облыстық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      3. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобалар бойынша кәсіпорынның дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады