"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы _______ "___" №__ қаулысымен бекітілген |
Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 17-10) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың жалпы тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Жамбыл облысы аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру– сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану– тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары– тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
6) мамандандырылған ұйымдар–әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1279 қаулысымен бекітілген, ұйымдар;
7) сатып алу интервенциялары– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында, бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;
8) тауар интервенциялары – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
Ескерту. 2 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері осы Қағидаларға сәйкес іске асырылады.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысының әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрайды және оның құрамын бекітеді.
5. Комиссияның төрағасы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып табылады, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
6. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
7. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
1) Жамбыл облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін немесе тетіктерінің бірін іске асыру, тоқтата тұру туралы шешім қабылдау;
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және ең төменгі жылдық қорын анықтау;
3) осы Қағидаларға сәйкес қарыз беру үшін мамандандырылған ұйымда алдын ала конкурстық іріктеуден өткен кәсіпкерлік субъектісін айқындау және мамандандырылған ұйым және кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз беру шартының жобасымен келісу;
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін және бөлшек сауданың ең жоғары бағаларын айқындау үшін мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.
8. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды Жамбыл облысының әкімдігі қамтамасыз етеді.
9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымнан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы үш жыл мерзімге шарт жасасу (бұдан әрі-шарт) жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
9-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
9-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.
Ескерту. 9 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
11. Жамбыл облысының әкімдігі ай сайын айдың 20 дейін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.
Мамандандырылған ұйым жұмыс органы белгілеген нысан бойынша және мерзімде Жамбыл облысының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі есептерді және қарыз алған кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты жұмыс органына ұсынады.
Ескерту. 11 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
12. Аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:
1) тұрақтандыру қорының қызметі;
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.
1-параграф. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
13. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының қызметі Жамбыл облысының азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
14. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, қордың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, минималды жылдық қорды, сондай-ақ шекті сауда үстемесін және бөлшек сауданың максималды бағасын айқындайды.
15. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.
16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес Жамбыл облысының мемлекеттік статистика органы қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен он немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру, алайда "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) сәйкес бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен он төрт пайызға аспауын ескеріле отырып қалыптастырылады.
Мамандандырылған ұйым Комиссияның және жұмыс органының қарауына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін, ең төменгі жылдық қорларын және бөлшек сауданың ең жоғары бағаларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Бөлшек сауданың ең жоғары бағасын анықтау үшін мамандандырылған ұйым жұмыс органына тауарларға бөлшек бағалардың ең жоғары тоқсандық шектерін көрсете отырып ұсыныс енгізеді. Жұмыс органы ұсынылған бағаны әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерімен салыстырады және осы Қағидалардың 16 тармағының талаптарын ескере отырып, Комиссияның қарауына өз ұсынымдарын енгізеді.
Қорлардың ең аз көлемі облыстағы қала халқының тамақ өнімдерін тұтынудың ең аз физиологиялық нормалары негізінде есептеледі. Бұл ретте қорлардың ең аз көлемі бес пайызға сұраныстың болжамды маусымын қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту. 16 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Комиссия енгізілген материалдарды қарағаннан кейін тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін, ең төменгі жылдық қорларын, шекті сауда үстемесін және бөлшек сауданың ең жоғары бағасын анықтау үшін Жамбыл облысының әкіміне ұсынымдар енгізеді.
18. Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен Комиссияның ұсынымы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі, ең төменгі жылдық қоры, олар үшін белгіленген шекті сауда үстемелері мен бөлшек сауданың ең жоғары бағалары бекітіледі.
19. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен сатып алынады, егер белгілі бір азық-түлік тауарының жергілікті өндірісі болмаған немесе жеткілікті дамымаған жағдайда, онда сатып алу көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлардан) жүзеге асырылады.
Ескерту. 19 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
21. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, қордың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе конкурстық тәртіппен сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.
Ескерту. 21 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған ұйым конкурс жеңімпазымен (жеткізушімен) осы Қағидалардың талаптарын ескеретін азық-түлік тауарларын сатып алу шартын он екі ай мерзімге жасасады.
Бұл ретте жеткізуші мен мамандандырылған ұйымның келісімі бойынша шарттың қолданылуы аяқталғанға дейін оның мерзімі осы Қағиданың 25 тармағында белгіленген мақсаттарда тауарлардың жартысынан көбін өткізген болса келесі он екі айға ұзартуға болады. Мерзімі ұзартылған жағдайда, жеткізуші сол сәтте нақты өткізілген тауардың ақша қаражатының сомасын мамандандырылған ұйымға қайтаруды қамтамасыз етеді.
Егер осы тармақтың талаптарына қол жеткізілмесе, шарт мерзімінің соңғы күні жеткізуші мамандандырылған ұйымға осы Қағиданың шеңберінде бөлінген ақша қаражатының сомасын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етеді, ал шарт талаптары бұзылған жағдайда өнім беруші бұзушылық фактісі анықталған немесе бұзылған сәттен бастап соманы мерзімінен бұрын қайтаруды қамтамасыз етеді.
23. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым және оның жеткізушілері жүзеге асырады.
24. Жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен бірге тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына және ішкі нарығына мониторинг жүргізеді.
25. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал етуді қажет ететін баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, екі жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Шешім қабылданған күні мамандандырылған ұйым сауда үстемесі, бөлшек сауданың ең жоғары бағасы және осы Қағидаларда белгіленген көлем шегінде мамандандырылған ұйым және (немесе) жеткізуші айқындаған бөлшек сауда объектілері арқылы тауар интервенциясын іске асыру туралы жеткізушілерді хабардар етеді.
Тауар интервенциясын жүргізу кезінде тауарлардың қолда бар көлемі оны сақтау мерзімін ескере отырып, тауар интервенциясын жүргізудің болжамды уақытына пропорционалды бөлінеді.
Ескерту. 25 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Егер осы Қағидалардың 25 тармағында көрсетілген жағдайлар туындамаса, онда мамандандырылған ұйым мен оның жеткізушілері сақтау мерзімінің немесе болжамды маусымның жартысы өткеннен кейін болжамды маусымның соңына дейін мерзімге қажетті қорды қамтамасыз ете отырып, болжамды маусымның өткен уақытында талап етілмеген тауарлардың бір бөлігінің тауар интервенциясын тұрақты жүргізеді.
27. Мамандандырылған ұйым өз бетінше және өзінің жеткізушісі арқылы өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.
28. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі және сападағы жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен осы Қағидалардың 22 тармағы екінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
29. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым және оның жеткізушілері өздерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі және бөлшек сауданың ең жоғарғы бағасы шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.
Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Жамбыл облысының әкімі бекітетін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.
Ескерту. 29 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Тауар интервенциясының бағасы осы Қағиданың 16 тармағында белгіленген шектеулерден аспауы тиіс.
Мамандандырылған ұйым және ол белгілеген өнім берушілер тауарларды бөлшек сауда субъектілеріне өткізу кезінде әрбір нақты жағдайда тауар интервенциясының көтерме бағасын дербес айқындайды, бұл ретте азық-түлік тауарларын сатып алу бағаларынан төмен сатылуы мамандандырылған ұйымның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 30 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары және өздерінің ресми сайттары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
2-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
32. Жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 32 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33. Мамандандырылған ұйым осы Қағидалардың талаптарын ескеретін кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру жөніндегі шарттың жобасын әзірлейді және оны Комиссияның келісуіне енгізеді.
34. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның Комиссия айқындаған кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеуі жолымен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 34 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.35. Мамандандырылған ұйым жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде шартта тұрған кәсіпкерлік субъектілерін қарыздың негізгі шартының ажырамас бөлігі болып табылатын төмендетілген бөлшек сауда және көтерме бағаларының мөлшері туралы жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 35 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия Осы қағидаларда белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес алдын ала конкурстық іріктеу бойынша айқындайды.
37. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.
Ескерту. 37 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.38. Мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне белгіленетін мынадай талаптар (өлшемдер) негізінде алдын ала конкурстық іріктеуді кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімі бойынша жүзеге асырады:
1) Азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және (немесе) өндіруге, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сатып алу және өзге де операцияларын орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қойма құрылыстарынан және арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын меншігінде не жалға алу құқығындағы өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымның болуы;
2) өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында;
3) өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмаса.
Ескерту. 38 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.39. Осы қағидалар аясында жұмыс органы бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.
Ескерту. 39 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы әкімдігінің 12.05.2020 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.40. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
41. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.