Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 мамырда № 4254 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3 тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48 бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Тараз қаласы табиғи және техногендік төтенше жағдайларға қарсы іс-шаралар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық жедел штабтың 2019 жылғы 30 мамырдағы № 2 хаттамасының негізінде, Тараз қаласы, "Қарасу" (5) шағын ауданы, № 18 көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығуына байланысты тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Тараз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Тараз қаласы әкімінің орынбасары Б. Жанбосынов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Б. Жанбосыновқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады