"Тараз қаласында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 524 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласысының әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 3940 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 4402 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тараз қаласында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 524 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4114 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 28 ақпанында жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы төмендегі жеке меншік мектептермен толықтырылсын:

"Абылай-Сана-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Інжу" балабақша, мектеп-гимназия" кешені

522

36125

40675

0

"Балалар білім орталығы "Эрудит" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

15925

20475

0

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады