Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 77-11 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 19-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3572 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 17 қарашасында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:
5 тармақтың 2) тармақшасы 2.4. абзацпен толықтырылсын:
"2.4. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шыққан күніне 30 жыл толуына байланысты атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмекке қосымша біржолғы әлеуметтік көмек Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетілсін".
20 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Үкібаев |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Н. Тлепов |