"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 529 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 37 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес салық салу объектісінің Байзақ ауданының елдi мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. "Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауды;
3) Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы Дәулетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Байзақ ауданы әкімі | Н. Нуржигитов |
"Келісілді"
Байзақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасың басшысы ___________ Н. Егисинов
Байзақ ауданы әкімдігінің 201 жылғы "_" ___________ №_____қаулысына қосымша |
Салық салу объектісінің Байзақ ауданының елдi мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Ауылдық округтерінің атауы | Елді мекендердің атауы | Коэффициент |
1 | Байтерек | Қусақ | 1,8 |
Базарбай | 1,7 | ||
2 | Бурыл | Бурыл | 2,05 |
Құмжота | 1,95 | ||
3 | Ботамойнақ | Ботамойнақ | 1,85 |
Байзақ | 2,0 | ||
Үшбұлақ | 1,65 | ||
4 | Дихан | Дихан | 1,95 |
Аймантөбе | 1,95 | ||
Жеңіс | 1,8 | ||
5 | Жалғызтөбе | Аққия | 1,7 |
Жетібай | 1,95 | ||
Төрткөл | 1,6 | ||
6 | Жаңатұрмыс | Жаңатұрмыс | 1,6 |
Жібек Жолы | 1,8 | ||
Көкбастау | 1,8 | ||
Қайнар | 1,45 | ||
Ақшолақ | 1,45 | ||
Төрегелді | 1,45 | ||
Тегістік | 1,45 | ||
7 | Көптерек | Кеңес | 1,75 |
8 | Қызыл жұлдыз | Қызыл жұлдыз | 2,05 |
9 | Қостөбе | Қостөбе | 2,0 |
Талас | 2,0 | ||
Талас станциясы | 1,65 | ||
10 | Көктал | Көктал | 1,9 |
11 | Мырзатай | Мырзатай | 1,95 |
Дихан | 1,95 | ||
Сеңкібай | 1,8 | ||
12 | Сарыкемер | Сарыкемер | 2,0 |
13 | Сазтерек | Абай | 1,85 |
Жаңасаз | 1,35 | ||
Ақтөбе | 1,7 | ||
14 | Суханбай | Жақаш | 1,65 |
Көкөзек | 1,55 | ||
Қарасу | 1,65 | ||
15 | Темірбек | Тегістік | 1,65 |
Сарыбарақ | 1,5 | ||
Шахан | 1,4 | ||
16 | Түймекент | Ақжар | 1,65 |
Түймекент | 1,85 | ||
17 | Үлгілі | Үлгілі | 2,0 |
18 | Ынтымақ | Мәдімар | 1,75 |