"Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 шілдедегі № 45-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 шілдеде № 4272 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4122 болып тіркелген, эталондық бақылау банкіде 2019 жылдың 4 сәуірінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      9 тармақтың 3) тармақшасында:

      екінші абзацта "150 000 (бір жүз елу мың)" деген сандар "300 000 (үш жүз мың)" деген сандармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта "15 000 (он бес мың)" деген сандар "50 000 (елу мың)" деген сандармен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта "15 000 (он бес мың)" деген сандар "50 000 (елу мың)" деген сандармен ауыстырылсын.

      11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, Жамбыл аудандық әкімдігінің бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі".

      12 тармақ өзгеріссіз қалдырылсын.

      20 тармақта "13 және 14" деген сандар "16 және 17" деген сандармен ауыстырылсын.

      25 тармақта "Арттық" деген сөз "Артық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жамбыл аудандық сессиясының төрағасы Н. Бегманов
      Жамбыл аудандық мәслихаты хатшысы Р. Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады