Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда жол жүру тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 06 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қаңтарда № 4093 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меркі ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін – 50 (елу) теңге болып белгіленсін.

      2. Меркі ауданының ауылдары бағыттарында жолаушылар тасымалдау ақысы әр жолаушы үшін 1 шақырымына 5 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сүлейменов Мейіржан Шақманұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Меркі аудандық

      мәслихатының хатшысы

      ___________ І. Ахметжанов

      "___" ________ 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады